Өнерпаз, мініскер, өнерлі, шебер, майталман, өнершіл

lat: Ónerpaz, minisker, ónerli, sheber, maıtalman, ónershil.

Қолынан алуан тұрлі іс келетін ісмер адам. Әсемпаз болма әр неге, Өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де - бір кірпіш, дүниеге Кетігін тап та, бар қа- лан! (Абай). Оның қолы да епті, мініскер, атам заманғы радиоқабыл- дағышты өз қолымен жөндеген екен (Т. Нұртазин). Мәкен өнерлі, ісмер, кесте мен оюға әсіресе шебер екен (М. Әуезов). Қанат мұнай өндірісі- нің басында сол ісгің шебері болып та алды (Ғ. Сланов). Қазекең әділ сөздің майталманы, Көңілге зіл алғаны байқалмайды (Қ. Ыдырысов). Өнершіл халық өзінің барлық шеберлігін сәулетті сарайлар, көркем ескерткіштер салуға, оларды безендіруге арнаған (С. Бақбергенов).